Назарбаев: Пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дайындық туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік екңесінің мүшелері ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі тәуекелдері мен оларды алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы есептерін тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық пандемияның «екінші толқынына» ресурстарды дайындау, алдын-алудың кешенді шараларын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ сырқаттану деңгейін шынайы бағалау мен болжаудың маңыздылығын атап өтті.
"Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму болжамын, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктердің тұжырымдамалық жоспарын әзірлеу қажет. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму жоспарын бүгінгі жағдайларды ескере отырып, тағы да пысықтау керек. Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне және онымен байланысты қауіп-қатерлерге дайын болуымыз керек", - деді Назарбаев.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
