Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалпы құны 995 млрд теңгені құрайды: Үкімет өңірлерге индустриялық дамудың жаңа жобаларын ұсынды

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, индустрияландыру карталарын жасап шығарды. Бұл туралы үкімет отырысында сөз сөйлеген министр басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Карта өнеркәсіптің түрлі салаларын қамтиды. Биылғы жылы өңірлерде жалпы құны 995 миллиард теңгені құрайтын 206 жобаны  18 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрумен пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деді индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі.

Барлық жаңа өндірістер агроөнеркәсіптік кешенде және тамақ өнеркәсібінде - 76 жоба құрылып жатыр. Құрылыс материалдары саласында - 38, машина жасау саласында - 19 жоба жүзеге аспақ. 

"Осы жылдың 8 айында 4,3 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 204 миллиард теңге сомасына 28 жоба пайдалануға берілді", - деді Атамқұлов.

Үшінші тоқсанда жалпы құны 97 миллиард теңгеден немесе 227 миллион доллардан асатын 14 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

"Жобалардың негізгі бөлігі - 164 жоба ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі", - деді Атамқұлов.

Асқар Маминнің сөзінше, әкімдер индустрияландыру картасындағы жобалар бойынша жеке жауапты болады.

"Қазіргі кезде сыртқы нарықтағы тұрақсыздық деңгейі өте жоғары. Сондықтан барлық күш-жігерді сыртқы және ішкі сұраныс неғұрлым тұрақты салаларға, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау және фармацевтика салаларына жұмсау қажет. Кеңінен пайдаланылатын отандық құрылыс материалдарын, шыны, керамика, санфаянс және тағы басқаларды өндіруді көбейту қажет", - деді үкімет басшысы.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда азық-түліктің қымбаттағаны белгілі болған. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2020 09:05
Талқылау