Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысынд Кіші Қоскөл көлінде балықтардың жаппай қырылу себебі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балықтар

Облыстық экология департаментінің мамандары көлден су сынамаларын алып, тексерген.

"Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Комиссия лабораториялық зерттеулер нәтижесін ескере отырып, балық суда күкіртсутектің болуынан өлді деген тұжырымға келді. Су қоймасының жағдайын тұрақты бақылау шешілді. Көлді қолданып отырған "Першина И.Д." жеке кәсіпкерлігіне балық ресурстарының қырылуы қайталанбас үшін ғылыми мекемемен бірге су қоймасына кешенді зерттеу жүргізу ұсынылды", - делінген ресми хабарламада.

Осы жылдың мамыр мен тамыз айларының аралығында өңірде балықтардың жаппай қырылуы үш рет орын алған. Балықтар мамырда М.Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде, тамызда мөңке балығы Тайынша ауданы Шағлытеңіз көлінде қырылды. Десек те экология департаменті бұл оқиғаның нақты себебін бүгінге дейін жариялаған жоқ.


 

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2020 11:04
Талқылау