Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда өнер көрсеткен қазақ қызы байқаудың келесі кезеңіне өтті (видео)

Қытайда өткен "Sing! China" музыкалық байқауында өнер көрсеткен Мәдина Думанқызы өзінің ерекше дауысымен тәлімгерлерді таңдандырып, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Мәдина Думанқызы Сиань қаласының музыкалық институтында білім алып жатыр. Ол алдағы уақытта өнерін қазақ халқына паш еткісі келетінін айтты. 

Мәдинаның басты ерекшелігі бір емес, бірнеше тілде ән шырқауы. Ол осы жолы ханзуша әнді нақышына келітіре орындаған. Аталған жоба Қытайдың «Чжэзяң» телеарнасынан көрсетіліп жатыр.

"Сәлеметсіздер ме! Мен Мәдина Думанқызы боламын. Мен 2000 жылы 3 қаңтарда Шынжаң Тарбағатай ауданының Шәуешек деген әсем қаласында дүниенің есігін аштым. Жиырма жастамын. Әкем журналист, шешем оқытушы болады. Өзім Сиань музыка институтының ән факультетінде үшінші жылдығын оқимын", - дейді Мәдина. 

Мәдина туған өлкеде аты алысқа ұзаған әнші-домбырашылар көп. Тіпті Әсет Найманбаевтың шәкірттері де бұлбұл көмей әнші Әсеттің мектебін қалыптасырып, өлкедегі сан таланттың көзін ашты. Ендеше Мәдинаның алдымен домбыраны меңгеруі заңдылық. Дәстүрлі әндерді ғана емес, қазіргі композиторлардың шығармасын да нақышына келтіріп орындайтын ол Қазақстанға, атамекенге бір рет келіп, өміріне жетерліктей рухани азық алды. Қазақ еліне енді бір оралып, концерт беруді армандайды.

"2017 жылы 17 жаста болатынмын. Дәм татып, Қазақстанда өткезілген «Шабыт» атты Халықаралық ән бәсекесіне қатынасып, «Үздік әнші» деген атаққа ие болдым. Қазақстан - мәдениетті елдерінің бірі. Әсіресе, көркемөнер саласы ерекше дамыған. Онда талай әлемге әйгілі өнер жұлдыздары бар. Мәселен, Димаш ағамыз еліміздегі ән байқауына қатынасып, үздік нәтиже жаратып, екі елдің достығын айтып, әлемге танылып отыр. Мен де сол ағаларым сияқты Қазақ еліне барып, екі елдің көркемөнер жағындағы қарым-қатынасын нығайтуға өз үлесімді қоссам деймін", - дейді ол. 

Ән байқауына дайындалып жүрген Мәдина Думанқызы жеңіске жетуге үмітті екенін де жасырмады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Талқылау