Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында мектеп директоры өзінің орынбасарын соққыға жығып өлтірген: Күдікті қамауға алынды

Павлодар облысында қол астындағы жұмыскерінің өлімінен кейін спорт мектебінің директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

драка

Оқиға Шарбақты ауылында орын алған. Мектеп директоры мен оқу орынбасарының арасында жанжал пайда болып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде директордың орынбасары ауруханаға түсіп, біраз күннен кейін көз жұмған. 

"Қазіргі таңда адам өміріне алып келген дене жарақатарын келтіргені үшін ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлімі "Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті ретінде 50 жастағы ауыл тұрғын ұсталды. Оқиға көшеде болған. Қазір күдікті абақтыға жабылды", - дейді облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Егер директордың кінәсі анықталса, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жергілікті мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілдері төбелес мекемеден тыс аумақта орын алғанын айтады. 

"Жұмыс орнында екеуінің араздасып қалғанын ешкім көрмеген. Олар бұрыннан бірге қызметтес болып келген спортшылар. Спорттық жетістіктері де бар. Болған жайт біздің жағамызды ұстатты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді әкімдіктегілер. 

Марқұмның артында әйелі мен бір баласы қалыпты. 

STAN.KZ
Сенбі, 29 Тамыз, 2020 17:03
Талқылау