Қазақстанда бір тәулікте 18 адамда пневмония анықталып, 3 науқас көз жұмды
Қазақстанда бір тәулікте 18 адамда пневмония анықталып, 3 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирусты анықтайтын ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен коронавирустық пневмониямен ауырған науқастар саны 22765 адамға жетті. Көз жұмғандар саны 261 адамды құрады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 25 тамыздағы жағдай бойынша 18 адамда пневмония анықталып, 3 науқас көз жұмды.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 308 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді