Әкімдіктегілермен ауыз жаласқан: Атырауда құлаған ту тұғырының құрылысымен айналысқан кәсіпкердің ақша үнемдеп қалғаны әшкере болды
Атырауда былтыр соққан қатты соққан желдің әсерінен құлап қалған тудың тұғырына бөлінген ақша толығымен оның құрылысына жұмсалмағаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" баслымына сілтеме жасап.
"Мәлім болғандай, тудың тұғырын орнатқан кәсіпкер құжатта көрсетілген 203 миллион теңгеге емес құрылыс жұмыстарына одан үш есе аз ақша жұмсаған. Өз кезегінде, қаланың құрылыс жөніндегі басқармасы заңбұзушылыққа жол беріп, нысанды қабылдап алған" , - деді Атырау облысының прокуратура қызметкерлері.
Айта кетейік, ақша жымқырды деген күдікке ілінген кәсіпкердің әрекеті адам өміріне қауіп төндіретін жағдайға алып келген. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша экономикалық тергеу департаменті тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Енді құрылыс жүргізген кәсіпкерге қайта жөндеу жұмыстарына өз қалтасынан ақша шығаруға тура келеді.
Еске салайық, өткен жылы қатты дауылдың кесірінен құлап кеткен ту тұғырыны биіктікі 91 метр құрайды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ