Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Надыров: Елімізде ауру қайта өршіп кетуі мүмкін

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирус індеті қайта өршіп кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ауру өсіміне қарамастан жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Бүгінгі таңда қол жеткізген шектеу шараларының оң әсерінің арқасында бизнес пен тұрғындар үшін карантиннің жеңілдетеуін қарастыратырылуда. Алайда қазақстандықтар қайтадан індеттін таралуын елемесе, ауру қайтадан өршігіп кетуі ғажап емес", - дейді Надыров. 

Сөзінше, халық ережелердің маңыздылығын түсінген кезде бірақ елдегі ахуал толығымен басылады. 

"Көріп отырғандарыңыздай, COVID-19 туралды болжам жасау үшін халықтың әрекетіне қарау керек. Егер дәрігерлер мен санитарлық мамандардың айтқандарын екі етпей орындайтын болсақ, міндетті түрде вирусты жеңіп шығамыз", - дейді басқарма басшысы. 

Айта кетейік, еліміздегі карантин шаралары 17 тамыздан бастап жеңілдетіледі. 


Той жасауға рұқсат жоқ: Елімізде қандай қызмет түрлеріне әлі де тыйым салынады

STAN.KZ
Жұма, 14 Тамыз, 2020 11:41
Талқылау