Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте залаласыздандыру жұмыстарынан кейін төрт бала уланып, ауруханаға түсті

Шымкентте төрт бала белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті. 

13 тамыз күні қалалық токсикология бөліміне төрт бала жеткізілген. Олардың екеуі алты жастағы, біреуі жетідегі және ең кішісі үш жасар бала. Қазір бүлдіршіндердің жағдайы орташа, дейді дәрігерлер. 

Мәлім болғандай, балалардың ата-анасы пәтер жалдап тұрады екен. Ересектердің сөздерінше, жақында көршілері тарақандарға қарсы залаласыздандыру жұмыстарын жүргізіпті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс жасауда.

Талқылау