«АЗИЯ АВТО» өзі өндірген жол талғамайтын көлікті сынаудан өткізуде
Кәсіпорынның құрастыру бюросы әмбебеп бағыттағы қарлы-батпақта жүретін көлік жасады
Өскеменде «АЗИЯ АВТО» автоқұрастыру зауытының инженерлері жасаған алғашқы қарлы-батпақта жүретін көлік сынаулар сериясынан өтуде. Оның құрылымына жолсыз жерді, сулы және қарлы кедергілерді бағындыруға мүмкіндік бере отырып, квадроцикл мен тартқыш машинаның қызметтері біріктірілген. Жаңа техниканың жергіліктендіру деңгейі 50%-дан асады. Бұл осымен зауыттың үшінші авторлық өнімі. Өскемен кәсіпорыны қарлы-батпақта жүретін көлікті сериялық шығаруға күздің соңына қарай кіріседі.
2017 жылдан бастап «АЗИЯ АВТО» құрастыру бюросында оннан астам инженер-құрастырушылар мен технологтар авторлық әзірлемелерін жүргізеді және «Bipek Contact» телематикалық жүйесі, жеңіл автомобильдерге арналған «AZIA TRAIL» жүк тіркемелері және «HUSKY» арнайы техникасы сияқты Қазақстанның климаттық және жол жағдайларына бейімделген өз өнімдерін енгізеді.
Бүгінгі күні Құрастыру бюросының ұжымы төрт дөңгелекті шынжыртабанды қарлы-батпақта жүретін көлікті сынауға кірісті. Ол квадроцикл, тартқыш машина, батпақта жүретін көлік, амфибия және қарда жүретін көлік сияқты техниканың бес түрін ауыстыруға мүмкіндік береді. Құрылым жолсыз жерлердің, орманды және батпақты жерлердің, сусымалы құмды және қарлы тың жерлердің ең қиын жағдайларында жол жүруді қамтамасыз етеді. Машинаға 6-дан 8 жолаушыға дейін сыяды.
Қазіргі уақытта зауыттың командасы сериялық өндіруді дайындауға қажетті жүріс сынақтарын орындауда. Қарлы-батпақта жүретін көлік пайдалануға толық дайындығын дәлелдеу үшін мыңдаған шақырымнан астам ресурстық сынаулардан өтуі тиіс.
Иван Пуряев, жүргізуші-сынаушы:
- Шұғыл жағдайларда біз жүргізетін тесттер барлық механизмдердің сенімділігін растады. Жол талғамайтын көлік 45 грудусқа дейінгі тік өрлеулер мен тік еңістерден жеңіл өтеді, су кедергілерін, метрлік шұңқырлар мен терең орлардан өтеді. Қалың қарда сенімді.
Қарлы-батпақта жүретін көлікті ресурстық сынаулардың алдында өз дизайнын жасау, құрылымын әзірлеу, жиынтықтауыштарды жеткізуші-серіктестер іздеу сияқты күрделі жұмыс тұрды. Модельмен жұмыс істеген кезде әскери техника жасаудың әлемдік тәжірибесі пайдаланылды.
Евгений Волгаев, «АЗИЯ АВТО» АҚ құрастыру бюросының бастығы:
- Өндірістік тәжірибе жылдары ішінде «АЗИЯ АВТО» инженерлері кәсіби біліктілік жинады, ол өз тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісімізді құруға мүмкіндік берді. Нарықта ұсынылған әртүрлі арнайы техниканы пайдалану процесінде біз құрылымына араласумен ғана толық жұмыс істеуге болатын «әлсіз тұстарына» кездестік. Осылайша, өз техникамызды жобалау жөніндегі табиғи амбицияларымыз туындады.
Бүгін біз сынаудан өткізіп отырған жол талғамайтын көліктің ең төзімді және сенімді ит – хаскидің мінезіне тән қасиеттері бар. Машина ең күрделі жағдайда көмекке келуге дайын. Сондықтан ол «HUSKY» брендімен шығарылады. Зауыт үшін техниканың жаңа түрі белсенді демалыс әуесқойларының сұранысына ғана ие болып қалмайтынына сенімдіміз. Жол талғамайтын көлік кәсіби шұғыл қызметтер мен табиғатты қорғау ведомстволарының жұмысында қолданыс табады, ауылшаруашылық және өндірістік аумақтарда пайдалы болады. Ол әмбебап.
«HUSKY» қарлы-батпақта жүретін көліктің жинақтауыштарының жергіліктендіру деңгейі 50%-дан асады. Кәсегі, қайығы, ілмесінің элементтері мен кабельдік-өткізгіш өнімдері Қазақстанда өндірілген. Басқа жинақтауыштары Ресей, Германия, Франция мен Қытайдан жеткізіледі.
Жол талғамайтын көлікті ықшам мөлшерлері, жеңіл және берік шанағы, пайдалануға қарапайымдылығы мен жанармай шығындарының төмендігі ерекшелендіреді. Құрастырған кезде Renault–Nissan–Mitsubishi альянсының тораптары мен агрегаттары пайдаланылды, ол сенімділікті және жөндеуге жарымдылықты қамтамасыз етеді. Кәсегінің құрылымы ширату мен иілудің жоғарғы жүктемелеріне шыдайды. Шынжыртабанының кордында құрамдастырылған текстильдік және әйнек толтырылған материалдар бар, ал жетегінің тістегеріштерін жасау үшін тозуға төзімділігі ұлғайтылған инновациялық жоғары молекулярлық пластик пайдаланылды.
Бүгінгі күні «АЗИЯ АВТО» жазғы және қысқы кабиналары бар төрт және бес дөңгелекті қарлы-батпақта жүретін көліктің екі нұсқасын конструкторлық әзірлеуді жүргізуде. 2020 жылдың соңына қарай «HUSKY» ұзартылған алты дөңгелекті нұсқасының есептеулері аяқталады.
Тәжірибелік үлгілер бензин қозғалтқыштарының екі нұсқасымен жабдықталады. Берілістерді ажыратып қосатын механикалық қораппен қатар жұмыс істейтін алғашқы 1,6 литрлік агрегат «АВТОВАЗ» АҚ-да жасалған (106 л.с.). Екіншісі - көлемі 2 л және қуаты 143 л.с.,берілісті ажыратып қосатын автоматты қораппен жабдықталатын Renault қозғалтқышы. Болашақта лай агрегаттарының желісін кеңейту жоспарланған.
Діріл мен соққы жүктемелерін теңелтуші жүрістің бірқалыптылығына тәуелсіз энергия сыйымды иінтірек ілмесінің арқасында қол жеткізілді. Жол саңылауы 500 мм-ге тең. Жол талғамайтын көлік зауыттың өзі әзірлеген «Bipek Contact» телематикалық күзет-сервистік жүйесімен жабдықтандырылған. Соңғысын жасауға Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Жас мамандар кәсіпорыннан тек бірегей тәжірибе ғана емес, атаулы шәкіртақы да алады.
Ерік Сағымбаев, «АЗИЯ АВТО» АҚ бас директоры:
- Үш жыл бойы біздің құрастыру бюромыз жаңа өнімдер жасаумен табысты жұмыс істеп келеді, оларды әзірлеуге зауыттың командасы өте көп еңбек сіңірді және жүздеген миллион теңге салынды. Тұтынушы біздің еңбегімізді бағалады: бүгінгі күні осы сегменттегі Қазақстан нарығының жартысынан астамы «AZIA TRAIL» тіркемелеріне келеді. Тамызда тіркемелердің алғашқы экспорттық партиясы Ресейге жіберіледі. Жылдың соңына қарай біз «HUSKY» қарлы-батпақта жүретін көлігін сертификаттауды және тұтынушыға ұсынуды жоспарлап отырмыз. Жол талғамайтын көлік те Ресей нарығында, біздің өз желіміздің автоорталықтарында сатылатын болады.
2018 жылы «АЗИЯ АВТОДА» шығарыла бастаған, «AZIA TRAIL» бренді жеті түрленуі бар жеңіл автомобильдерге арналған көпфункционалды жүк тіркемелері Қазақстан нарығында ұсынылған. Тіркемелерді жергіліктендіру деңгейі 60%-дан асады. «АЗИЯ АВТО» алаңында шасси, борттардың бөлшектері, электр сымдардың бумақтары өндіріледі, барлық элементтерді пісіру мен бояу жүзеге асырылады.
Тіркемелердің барлық түрлендірулері ТР ТС 018 техникалық регламентіне сәйкестікке сертификатталған, КҚТМ (көлік құралы типіндегі мақұлдауы), сондай-ақ СТ-KZ шығару сертификаты бар.
Беріктігі жоғары платформа, қатты арқалық, күшейтілген рессорлар, әмбебап терте, тот басуға қарсы қосарланған қорғаныс жабыны бар кәсектер бәсекелестік артықшылықтардың қатарында. Еден ретінде тайғанамайтын жабыны бар ылғалдан қорғалған 9 миллиметрлік фанера орнатылады. Тіркемені құрастыру тартпаның бекітілген орнын беріктігі жоғары бұрандамен жалғастырып орындалған. Қазақстандық қамтылымнан басқа, тіркемелерге «AL-KO KOBER GROUP», «FRISTOM», «Winterhoff», «KNOTT», «ВолгаАвтоПром», «Элкон» сияқты ең үздік әлемдік өндірушілерінің жинақтауыш бұйымдары пайдаланылады.
Одан басқа, сатып алушыларға жарықдиодты оптика, жеңіл қорытпалы 16-дюймдік доңғалақтар, ұсақ жүктерге арналған жәшіктер, қосалқы және жылжымалы дөңгелек сияқты қосымша опциялардың кең таңдауы қолжетімді. «АЗИЯ АВТО» құрастыру бюросы тіркемелер үшін арнайы бірегей опция – соққыға берік, кез келген ауа райы жағдайлары мен температураның өзгерулеріне төзімді пластик қақпақ әзірледі. Заттардың сақталуы үшін пластик қақпақтары бар тіркемелер автомобиль дабылымен байланысы бар «Bipek Contact» телематикалық жүйесімен жабдықталған. Тіркемені бұзуға талпынған жағдайда иесінің телефонына бірден ескерту дабылы түседі.
trailer.bipek.kz сайтында 3D-конфигураторы қолжетімді, ол алдын ала тапсырысты қалыптастыруға: тіркеменің түсін, борттардың биіктігін таңдауға, тенттің, пластик қақпақтың, қосалқы дөңгелек пен басқа да қосымша опциялардың бар болуын таңдауға көмектеседі. Тіркемелердің барлық модельдік қатарына 2 жыл кеңейтілген кепілдік жарамды.