Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады: Бір адам қаза тапты

Оралда ВАЗ автокөлігі екінші бағыттағы жолаушылар автобусымен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Жол апаты қиылыста болған. Сол күні облыс орталығында жаңбыр жауып, көру мүмкіндігі шектеулі болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда оқиға орнына жедел жәрдем көлігінің келгені көрсетілген.

"3 тамыз күні сағат 20:50-де Исатай-Махамбет және Пугачев көшелерінің қиылысында № 2 маршруттық автобус жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. ЖКО-ның екінші қатысушысы ВАЗ 21102 машинасы болды. Жеңіл автомобиль жүргізушісі солға бұрылған кезде автобусқа жол бермей, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтті. Апат салдарынан үш адам зардап шекті. Олар облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Жеңіл көліктің бір жолаушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды", - деді Орал қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Алмаз Ахошев.

Полиция ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, бірқатар сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Талқылау