Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамның келінімен тұрғанын қалаймын": Әли мен Ақеркенің тойы қашан?

"Асыл" тобында өнер көрсетіп танылған әнші, актриса Ақерке Бүркітбай да қалыңдық атанды. Талантты ару сақинасын көрсетіп түскен суретін жариялады. Жеке өмірі жайлы сұхбат беруді жақтыра бермейтін әнші бұл жайлы ашып айтудан бас тартты.

али окапов

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды. 

"Көп адамдар неге тұрмысқа шықпайсың, ертерек бала туу керек деп жатады. Мен қыздарға елдің сөзін ескере бермеуге кеңес берер едім. Бастысы денсаулығыңды күту керек. Егер денің сау болса, 40 жасыңда да, 50 жасыңда да балалы бола аласың. Ертерек тұрмысқа шығу керек деп қана ойламау керек. Уақытымен бәрі болады. Бұйрық қалай болса, сол уақытта тұрмысқа шығады. Менің адамым да бар, шаңырақ көтеруге қадам да бар. Бұйырса той болады", - деген еді әнші былтырғы сұхбатында. 

Ал, Әли Оқапов үйленген соң анасымен бірге тұруға қарсы емес. Тіпті анасымен бірге тұруды жаны қалайтынын айтады. 

"Менің анам мені үнемі сағынады. Бөлек тұрып жатқанда көп іздейді. Егер қаласаң, қазір-ақ көшіп барамын дейді. Кейін үйленгенде де анаммен бірге тұрудан бас тартпаймын. Тек үйдің үлкені болғандықтан қара шаңырақта анаммен Мәди қалады деп ойлаймыз. Себебі қазақтың салтында да солай емес пе? Мен сыртта жүремін. Маған жағдайдың да керегі жоқ. Маған ұйықтайтын орын болса болды. Үйге барғанда тек жататын төсек болса болды деп айтамын анама", - деді сері жігіт. 

Қос ғашық сезімдерін жасырып жүрсе де Әли мен Ақеркенің бірге жүргенін көпшілік байқады. Олардың достары жариялаған суреттерде екі әнші үнемі бірге жүреді. 

Ал, продюсер Ерғали Әбдірайымов өнер адамдарының бірге отау құру тек қуантарлық жайт дейді. Ол Роза Рымбаеваны құттықтауға асықты.

"Өнер адамдарының мақсаты бір болғандықтан, жұмысы бір болғандықтан олар бірін-бірі толықтырып, түсінісіп отырады деп ойлаймын. Тойды елмен бөлісу үшін жасайды. Той - жақсылық. Жақсы нәрсені айту керек. Роза апайымыздың ұлы үйленейін деп жатыр екен, Асыл тобының әншісі тұрмысқа шығайын деп жатыр дейді. Мен тек қуанамын. Құттықтауымды айтқым келеді", - деді ол.

Ақерке мен Әли арамызда сезім жоқ деп ақталғанымен екеуінің бірге жүргенін желі қолданушылары байқап жүр. Дегенмен Ерғали мырза екі жасқа бақыт тілеп үлгерді.

Жақында Ақерке сақинасын көрсетіп түскен фотосымен бөліскен еді. Оқырмандары Ақерке Бүркітбайдың Әли Оқаповтың жары атанатынына сенімді.

Талқылау