"Роза Рымбаеваның келіні": Әли Оқапов сүйіктісіне ұсыныс жасады
"Асыл" тобында өнер көрсетіп танылған әнші, актриса Ақерке Бүркітбай қалыңдық атанды. Желі қолданушылары ол халық әртісі Роза Қуанышқызының келіні атанатынын жарыса жазуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақерке Бүркітбай өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Ол қолындағы сақинасын көрсетіп түскен фотосымен бөліскен. Оқырмандары Ақерке Бүркітбайдың Әли Оқаповтың жары атанатынына сенімді.
Желі қолданушылары екі жастың бұл қадамына қуанышты екендерін білдіріп, жарыса құттықтап жатыр. Бірі: "Сен бақытты болуға лайықты қызсың! Әли алтын жігіт", - деп ыстық лебізін білдірсе, енді бірі "Али, құсың құтты болсын" - деп тілегін жаудырып жатыр. Келін ененің топырағынан демекші, "Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын" , "Рымбаеваға ұқсайсың" - деп жазып жатқан оқырмандар да бар.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды