Шешенстан басшысы өзінің Нобель сыйлығын алуға лайық екенін айтты

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров республикадаға азаматтардың құқықтарын ешкім бұзып жатқан жоқ деп ашып айтты. Сөзінше, өзі басқарып отырған өңірде қылмыс пен соғыстың азаюы мен Шешенстанның дамуы бұған дәлел бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қадыров

"Мен қашан адам құқығын бұзып едім? Керісінше, біз бұл үшін күресіп, тіпті, өмірімізді құрбан етудеміз. Соғысты тоқтатып, халықаралық терроризмді жойдық. Мен осы істегенім үшін Нобель сыйлығын иеленемін бе деп ойладым. Ал олар болса, маған санкция жариялады". - дейді Қадыров. 

Айтуынша, Шешенстан Республикасындағы жағдайдың тұрақталуы - бірінші кезекте Ресей президенті Владимир Путиннің арқасы. 

"Соғысты аяқтадық, бұған қуануымыз керек. Ауғанстанда сұрапыл соғыстың кесірінен көз жұмғандардың саны 2 милионна асты. АҚШ-тың өзі қауқарсыз болып отыр. Ал біз Путиннің арқасында ахуалды тоқтатып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар. 1,5 миллион адамның өмірі тыныш", - дейді Шешенстан басшысы. 

Бұған қоса Қадыровтың әйелі АҚШ жариялаған санкциялардың оның отбасының өміріне еш әсерін тигізбегенін атап өтті. 

Айта кетейік, АҚШ-тың бас хатшысы Майк Помпео Қадыровтың қара тізімге енгенін мәлімдеген. Қазіргі таңда Шешенстан басшысы мен АҚШ-тың арасында "қырғи-қабақ соғыс" басталып кеткен сыңайлы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр