Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қыркүйек айына дейін тағы бір инфекциялық аурухана салынады

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін күзде жаңа аурухана салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аурухана

"Қысқа мерзімде тағы бір жұқпалы аурулар емханасын салу туралы шешім қабылданды. Біз қарастырылған қаражаттың барлығын таптық. Қазір бұл клиниканың қай жерде орналасуы керектігі туралы мамандармен кеңесіп, бас дәрігерлермен талқылап жатырмыз. Ол үлкен көпсалалы клиникалардың жанында немесе жақын жерде болады деген пікірлер бар. Бұл модульдік аурухана ретінде қызметк көрсететін болады", - деді Сағынтаев.

Жаңа аурухана 300 адамды қабылдай алады. Сағынтаевтың айтуынша, жаңа аурухананың құрылысы 10-15 қыркүйекте басталады деп күтілуде.

"Түстен кейін осы мәселеге қатысты кездесу болады, онда біз түпкілікті шешім қабылдайтын боламыз", - деді ол.

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Шілде, 2020 13:27
Талқылау