Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт күн бойы сөнбей жатыр: Жамбыл облысында өрт шықты

Жамбыл облысында орналасқан Қарабөгет ауылынан елу шақырым жерде табиғи өртті мамандар 4 күн бойы сөндірген. Өрттің ауданы 34 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт 18 шілдеде басталды. Құмды жерде құрғақ шөптер мен сексеуілдер өртенді.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында табиғи өрттің сөндіріліп жатқанына төртінші күн болды. Жалынды екі жүзден астам өрт сөндірушілер мен 50 дана техника сөндірді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру бригадалары төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне көмекке келді. Өртті сөндіруге МИ-2 тікұшағы да тартылды.

"21 шілдеге қараған түні өрттің алдын ала аумағы 34 мың гектар болды. Елді мекендерге қауіп төнбейді. Барлық күштер мен құралдар жұмылдырылуда. Өрт болған жерде желдің екпіні секундына 10 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы +36 градусқа дейін", - дейді баспасөз қызметі. 

Өткен тәулік ішінде Қазақстанда 33 өрт тіркелген. Соңғы 24 сағат ішінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғи өрттер сөндірілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр