Ләйлә Сұлтанқызы: Нағыз ұят статистиканың өтірігі, ИВЛ-ға халықтың өзі ақша жинауы
Ләйлә Сұлтанқызы нағыз ұяттың не екенін айтты. Халық дәрі таппай қиналған шақта ұятты істен ақша тапқандар жайлы айтты. Өзінің ғана емес, көпшіліктің ойын жеткізді.
Тағы да ұят туралы. Ұят тоймен шектелмейді. Нағыз ұят – вируспен күреске бөлінген қаражаттың жоғалуы, жетіспеуі.
Ұят – қызып тұрған эпидемияда дәрігерлерді қолдаусыз қалдыру.
Ұят – Вируспен күреске дайын болмау.
Ұят – “Біраз адамның“ өтірігі.
Ұят – карантинге қарамай, көпшілік жерде көңіл көтеру.
Ұят – Дәрінің бағасын өсіру.
Ұят – Ақылы ПЦР.
Ұят – ИВЛ-ға халықтың өзі ақша жинауы.
Ұят – мұнайлы елде аурухана жетіспеуі.
Ұят – статистиканың өтірігі.
Ұят – пандемия кезіндегі отшашу.
Ұят – Медицина қызметкерлерінің еңбегін бағаламау.
Ұят – тоқтамайтын жемқорлық.
Бұл менің жеке ойым емес. Алдыңғы жазбадағы пікірлеріңіздің бәрін оқыдым. -Біршама хат келді. Сол жауаптарды топтастырғанда ұяттың осындай формасы шықты. Келісесіз бе?", - деді тележүргізуші парақшасында.
Тыныс алу аппаратының қажеттілігін сезінген халық ақша жинап, аппарат алуға өзі жұмылды. Дәрі таппай сенделгендердің жайы, халық қара жамылып отырғанда елордада салюттің атылғаны қызу талқыға түскен еді. Дәрілердің уақытылылы дәріханаға жетпегені, дәрінің шамадан тыс қымбаттатып сатылғаны қиналған жұртқа екі есе ауыр тиді.
"Халықтың ойлайтын үкімет жоқ ешқандай дайын емес,олардың қалталары қалың, ауызбен айтады дым бітірмейді", "Айтылғанмен оны тыңдайтын құлақ жоқ қой,айтпай-ақ көзге көрініп тұр ғой,соқыр-мылқауда түсінді", "Бәрі бір-біріне сілтеу үкімет!! Сор қайнап жатқан қарапайым халық!", "Бұл болып жатқан жағдайларды соқыр да көреді, алайда президент тек ескерутмен шектелді бәрінен де сол қызық, ұйқысы тыныш па екен???!!!", "Ана бақытын әйел бақытын тілеимін Ләйлә ханым аман есен болыңыз", "Шындық айтқан адамға шынжыр байлағаны деңіз", "келісемін өте ұятсыз қоғамда өмір сүріп жатырмыз", - деді желі қолданушылары.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
