Алматы маңындағы тауда түнеген туристердің шатырына аю келді

Іле Алатауының тауларында түнеуге қалған туристердің шатырының жанынан аю өткен,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

aю

Карантин кезеңінде таулардағы адамдар азая бастады және жабайы аңдар қала шегіне дейін төмен түсе бастаған. 

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы маңындағы Іле Алатауы тауларында төрт туристі құтқарды.

"17 шілдеде түнде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне 4 жас адам құтқарушылардың көмегіне мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Достар Алматы-Арасан шатқалына серуенге шығып, тікұшақ алаңына жетіп, лагерь құрған. Қараңғы түскен кезде бірнеше метр қашықтықтан жануардың дауысын естіген соң үйге қайтуға жинала бастаған. Бұл аю деп жорамалдаған туристер шатырға жасырынған. Бір кезде адамдар жануардың лагерьге кіріп, өзіне тән дыбыстар шығарғанын естіген. Жыртқыш кетіп бара жатқанда, тез кету керек еді, бірақ қараңғылық салдарынан бұл мүмкін болмады. Сол кезде жастар полицияға көмек сұрап хабарласқан, ал олар ақпаратты РЖҚЖ құтқарушыларына тапсырды", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар зардап шеккендерді жарты сағаттың ішінде тапты. Достар табылған кезде, олар дүрбелең күйде болды. Шатырда жануар жоқ. Қыздардың біреуі қатты үрейленген, екіншісі жүректегі ауырсынуға шағымданды. Құтқарушы-медик екі адамға да алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін жедел топ адамдарды түсіріп, жолға жеткен соң оларды полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр