Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізге өте ауыр тиді": Қазақстандық дәрігерлер коронавирустан көз жұмған әріптестерін еске алады

Екі қазақстандық дәрігер көз жұмғаннан кейін ең жоғары мемлекеттік белгімен марапатталды. Алтын жұлдыз және "Отан" орденімен бірге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Көкшетау көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі Олег Исаевқа және Ақтөбе жұқпалы ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаровқа берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

дәрігерлер

Екеуі де коронавирустың құрбаны болды, бірақ соңына дейін өз борышын орындады. Ал қауіпті пневмониямен күресте 28 қазақстандық дәрігер қаза тапты.

Көкшетау көпсалалы ауруханасының дәрігерлері әріптесінің өліміне сене алмайды. Айтуларынша Олег Исаевті сипаттауға сөз жетпейді. Барлығы оны жұмыста күндіз де, түнде де көруге үйренген. 20 жыл бойы ол осы мекемеде жұмыс істеген, оның 16 жылында анестезиология және реанимация бөлімін басқарды. Әрбір ауыр науқастың өмірі үшін дәрігер соңына дейін күрескен. Дегенмен, қауіпті індеттен өзін аман сақтап қала алмаған. 

"Бұл туралы айту мен үшін өте ауыр. Үкімет оның еңбегін бағалағаны жақсы, дүниеден өткен соң болса да. Тым болмаса туыстарында естелік қалады. Бұл соғыста біз ең жақсы жолдастарымыздан айырылып жатырмыз, өкінішке қарай, қайтарымсыз шығындар. Кешіріңіз ... (камерадан бұрылып кетті)", - деді Көкшетау көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ермек Кисаев.

Олег Исаев ең жоғары кәсіби маман деп саналды, ол тіпті үздік қазақстандық анестезиологтардың ондығына кірді. Әрқашан көмекке келіп, қиындықтардан қорықпады және кедергілер көрмеді. Ол 53 жаста еді. Соңғы уақытта екі қызы мен сүйікті немерелері туралы жиі айтқан. Семей қаласындағы анасы үшін уайымдаған.

"Әр күн: "Отбасың қалай, анаң, қызың, ұлың қалай?", деген сұрақтан басталатын. Егер біреуге бірдеңе болған болса, ол әрдайым бірінші болып көмектескен. Пандемия басталған кезде, ол алғашқылардың қатарында провизорға кетті", - деді анестезиолог-дәрігер Вера Жузанова.

Ал Ақтөбеде пандемияның алғашқы күнінен бастап Қалихан Қозбағаровқа жұмыстың ең ауыр майданы сеніп тапсырылды. Оның басшылығымен аймақта коронавируспен күрес жүргізілді. Қозбағаров облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын басқарып, барлық науқасты жеке аралап көрді. Күніне екі рет. Ол өзін нашар сезіне бастағанда, сол ауруханада емделуге қалды, бірақ жеңе алмады. Қалихан Қозбағаровқа 60 жаста болды, оның 36 жылын сүйікті ісіне арнады.

"Біздің мәселелерімізді, мұқтаждықтарымызды әрдайым түсініп, әрқашан бізге көмектесті. Бірінші кезекте ол үшін науқастар болды, ең бастысы науқастарға қамқорлық көрсету болды. Барлық мәселелер пациенттерге ыңғайлы және жайлы болуы үшін шешілді. Ол алдыңғы қатарда жұмыс істеді, ол бізбен бірге, жанымызда болды. Бірінші басшымыздан айырылып қалғанымыз жанымызба батып отыр", - деді Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Роза Нұрғалиева.

Қалихан Қозбағаровты соңғы сапарға барлық ұжым шығарып салды. Хромтау аудандық ауруханасының дәрігерлері де жерлеу процесін бақылады. Онда Қозбағаров ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді.

Елордалық көпсалалы медициналық орталықта да қайғылы оқиға болды. Дәрігер Олжабай Қожағалиев келесі жылы зейнетке шығар еді. Алайда, әріптестері ол тірі болғанда да жұмысын оңайлықпен тастап кете қоймайтынына сенімді. Осы айлар бойы, тәуекелге қарамастан, Қожағалиев медициналық орталықта қалды. 

"Олжабай Мұсаипұлымен бірге 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасадық. Ол керемет хирург, тамаша педагог болды. Біз негізінен онкологиялық науқастарды емдейміз. Ауруханаға жатқызар алдында, тексеру кезеңіне ол көп көңіл бөлді. Содан кейін, емдеу тактикасын талқылау кезінде, біз кейде тіпті дауласып, операция жасауды немесе химиотерапиядан бастауды анықтайтынбыз. Ол көптеген жас хирургтарды оқытты", - деді Нұр-Сұлтандағы көпсалалы медициналық орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбай Оразбеков.

Айта кетейік, қазір қауіпті инфекциямен күресті 15 мыңнан астам қазақстандық дәрігер жалғастыруда.

Талқылау