Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағзаңызды шынықтырсаңыз, ауруды оңай өткересіз": Коронавирусқа шалдыққан танымал кәсіпкер кеңестерімен бөлісті

7 баланың әкесі,  BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы, Қазақстанның 50 ең бай кәсіпкерлерінің қатарына кіретін Айдын Рахымбаев коронавируспен ауырып, аталмыш сырқатқа қалай дайындалу керектігі жайлы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сізде вирус қытайлық па? Жоқ, итальяндық! Менде COVID сынағы оң нәтиже көрсетті, бірақ ол жергілікті, өзіміздің KZ-дық ... Ақыры ол да келді...", - деп әзілмен өз жағдайын хабарлаған Рахымбаев елдің көңілін көтерді.

Бірнеше күннен кейін кәсіпкер коронавирусты жұқтырмаған адамдарға өзінің пайдалы кеңестерін айтты. 

"Әзірге COVID-пен ауырмаған адамдарға үндеу", - деп бастады өз сөзін кәсіпкер.

"Ауырып қалғандар көп! Бірақ олардың 90% әлі ауырмаған, бірақ оның қауіпі өте жоғары. Бүгінгі күні бұл ауруға қарсы вакцина жоқ, яғни жеңіл формада ауыру үшін дайындалу керек, ауырған соң ағзада вирусқа қарсы антиденелер пайда болады. Мен сіздерге мынадай кеңес бергім келеді.

Кейінірек белгілі болғандай мен COVID-пен ауырып жүрген науқастармен өте жақын байланыста болған екенмін, яғни бірнеше рет инфекциядан құтылып кеткенмін.

Бірде бес адаммен бір ұшақта маңызды іссапармен ұшып шыққан едік, күні бойы менімен бірге рейсте болған төрт адам вирус жұқтырған екен, олардың ішінде мен ғана ауырған жоқпын. Ағзам бірнеше рет вирусқа қарсы тұра алды, сондықтан да барлық байланыстардан кейін сынақтар теріс нәтиже көрсетті. Вирусты жұқтырғанның өзінде, ауру жеңіл өтіп жатыр. Мұның сыры неде? Мен бірнеше ғылыми мақалаларды оқып, вирусқа қарсы дайындалдым, бұл кеңестер жұмыс істейді!", - дейді ол өзінің жолы болғыш екенін көрсете отырып. 

Сөзінше, адамның бойында вирустың кері әсерін тигізетін екі орны бар - бұл өкпе және иммунитет. Сондықтан ең алдымен осы екеуін дайындау керек.

1. Өкпеде күнделікті өмірде жұмыс жасамайтын жоғарғы және төменгі бөліктер бар, оларда әртүрлі бактериялар жиналады. Вирус бар кезде, бұл жерлер қабыну үшін қолайлы, яғни пневмония үшін. Бұл жер басты ошақтардың орны! Сондықтан сіз күн сайын таза ауада тыныс алу жаттығуларын бірнеше рет жасауыңыз керек, олар ғаламторда бар, немесе мен сияқты, таңертең жүгіру керек. Осылайша, біз олардағы қан айналымын жақсартып, өкпемізді тазартып, күшейтіп, оларды вирус пен бактерияларға қарсыласуға дайындаймыз, пневмонияға жол жоқ!

2. Иммунитетті 2-3 аптада көтеруге болады. Бұл үшін а) салауатты және ұзақ ұйықтау; б) дәрумендерге бай, дұрыс тамақтану, алкогольді тұтынбау в) жұмыс жүктемесін азайту, қажетсіз шаршамау, стресстен аулақ болу; г) салауатты ұйқының бастауы болатын таза ауадағы жаттығулар. Вируспен күресу үшін ағзаны жаттықтыру керек! Мен спортшыларға жүктемені азайтуды қатаң түрде ескертемін, өйткені ауыр салмақ түскенде иммунитет төмендеп кетеді, ал бұл қауіпті. Қандай мықты спортшы болсақ та, дәл қазір иммунитетті көтеріп, ағзаға көмектесу керек, бұл өте маңызды.

3. С витаминдері, маусымдық жидектер, таңқурай, қарақат және D дәрумені, бұл күн сәулесі. Сарымсақ сығындысы немесе сарымсақтың өзін күніне 3 рет жеу керек. Ағзаны дәрумендермен жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойы қанықтыру керек. 

4. Бұрыннан келе жатқан ауруларыңызды алдын ала емдеңіздер, екінші соққыны күтіп отырудың қажеті жоқ. Кондиционердің астында отырмауға, тоңазытқыштан суық суды ішпеуге тырысыңыздар. Вирус ескі ауруларыңызды қолданып, иммунитетке үлкен зардап тигізеді. Бұндай жағдайда қарияларға қиынырақ болады.

"Осының бәрі 2-3 аптада коронавирусқа төтеп беру үшін көмектеседі. Егер түпкілікті дайындалсаңыздар, вирус сізді айналып өтеді немесе симптомсыз түрде болады, симптом болған жағдайдың өзінде ауру жеңіл өтеді", - деп қосты танымал кәсіпкер. 

Рахымбаевтың сөзіне сүйенсек, ол ешқандай дәрі ішіп жатқан жоқ екен. Әсіресе антибиотиктерден аулақпын, өйткені бұндай ауру кезінде оны ішу қауіпті дейді ол.

"Тек қана дәрумендер ішіп, өкпемді тазалау үшін таза ауамен дем алып жүрмін. Симптомдарға келер болсақ, бастапқы күндері дене қызуы болды, жүгіргенде ентігу байқалды, кейін ағза вирусқа қарсы тұра алды.Алда екі апта карантин, вирус қашан келеді екен деп бекер отырмаңыздар, дайындалыңыздар. Саябақтар ашық тұр. Қымбат дәрілер емес, табиғи дәрумендер мен ағзаның дайындығы керек. Басты мақсат вирустың жеңіл түрімен ауырып шығу. Ағзаңызды жаттықтырып, қуаттанып алыңыз, сонда ғана ауру  сіздер үшін қауіпті болмайды. Өз-өзімізге сақ болайықшы, ал дәрігерлер қариялармен айналыссын, әйтпесе сұмдық болайын деп тұр. Бәріңізге саулық тілеймін! Алламыз "Сақтансаң, сақтаймын" деген екен...", - деп қортындылады өз сөзін кәсіпкер.

 

 

Талқылау