Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы барлығын білген: Түркістанда 14 жастағы қызды өгей әкесі үш жыл бойы зорлап келген

Түркістанда ер адам өзінің 14 жасар өгей қызын зорлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отрар" басылымына сілтеме жасап. 

Жасөспірімнің айтуынша, өгей әкесі оны 3 жылға жуық уақыт бойы зорлап келген. Қыз бұл туралы анасының да білгенін жеткізді. 

"2016 жылы, мен 6-сыныпта оқып жүргенімнен бастап, ол зорлық көрсетті. Мен қатты қорққандықтан, айтқанын жасадым. Мені жатын бөлмеге кіргізіп, білгенін жасайтын", - дейді қыз. 

Ал 14 жастағы жасөспірімнің бар қорқынышы кішкентай енді өсіп келе жатқан сіңілісі екен. Ол туғаны үшін алаңдайтынын жеткізді.

"Шынымды айтсам, мен өзімді емес, сіңілімді уайымдаймын. Өйткені ол да өсіп келеді", - дейді ол. 

Осы оқиғаға қатысты Маргаритамен психологтың жұмыс жасап жатқаны белгілі болды. Маманның сөзінше қыз жанжалға бейім емес, жақсы мінезді. Сондықтан, айтқандары рас болу мүмкіндігі жоғары көрінеді. 

"Қызда қорқыныш бар. Бірақ, онша көп емес. Флегматикалық және сангиндік сияқты темперамент түріне жатады. Яғни, флегматик бәрін өзінде ұстай алады және жанжалдан аулақ бола алады. Ал сангиния жақсы мінезді. Мұндай адамдар жамандыққа бой алдырмайды", - деп түсіндірді психолог Назым Нұрмахамбетова. 

Полиция департаменті арызды қабылдап, 22 маусымда Түркістан полиция бөлімінің УДРП-да тіркегенін және осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Жәбірленушінің өгей әкесі осы іс бойынша күдікті болып табылады. Бірқатар шаралар тағайындалды, олардың нәтижелері соңғы шешім шығарылады. 

Талқылау