Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам коронавирустан қорқып, аз уақыттың ішінде 25 келі салмақ тастаған

АҚШ-тың Плимут қаласының тұрғыны коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген қатаң оқшаулау режимінде 25 келі салмақтан арылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

32 жастағы Шон Сэнделлдің салмағы 121 келі болған. Коронавирусты жұқтырған жағдайда артық салмақ асқынуға әкелуі мүмкін екендігі туралы көп жаңалықты оқығаннан кейін ол өзіне көңіл бөлуге шешім қабылдаған.

Сонымен қатар, бір және төрт жастағы екі баласы бар Сэнделл демалыс күндері отбасымен Флоридаға баруды ұнатады және артық салмақ салдарынан саяхаттау кезінде шектелуді қаламады.

Салмақ тастау кезінде Шон әйелінің көмегіне жүгінді, ол - білікті диетолог. Ол танымал салмақ жоғалту бағдарламаларына қосылмай,  артық салмақтан өз бетінше арылуға шешім қабылдады.

"Мен күн сайын жүруді мақсат еттім. Кіші баламның арбасын итеріп күніне 11-ден 14 шақырымға дейін жүрдім. Жүгіре бастадым және күніне сегіз шақырым жүгірдім", - деді Сэнделл.

Сонымен қатар, ол диетаны толығымен өзгертіп, әр тамақтану кезінде бұрын жеген чипсилер мен картоптан бас тартты, сондай-ақ аптасына бір-екі тілім ғана нан жеген.

"Карантин басталғаннан бері 13 апта өтті, енді 95 келімін. Осы уақытта мен 25 килограмнан арылдым", - деді ол.

Ер адам өз жетістігімен мақтанады және көмегі үшін әйеліне ризашылығын білдірді. 

"Өзімді физикалық жағынан ғана емес, психологиялық жағынан да тамаша сезінемін. Ойым тез жинақталатын болды. Гольфпен үнемі шұғылдана бастадым: енді маған ойнау оңайырақ және ол маған үлкен ләззат әкеледі", - деді Сэнделл.

 

Талқылау