Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 әйелі, 30 баласы бар: Бағалы асыл тас тауып алған ер адам миллионер болып оянды

Танзания тұрғыны Санинью Лейзер тау-кен министрлігінен жалпы салмағы 15 кг болатын екі танзанит кристалдары үшін 3,4 миллион доллар алды.

4 әйелі, 30 баласы бар: Бағалы асыл тас тауып алған ер адам миллионер болып оянды

Танзанит - Танзанияның солтүстігіндегі Мерелани шахтасында қазылып, зергерлік бұйымдар жасау үшін пайдаланылатын асыл тас.

Бұл жерд бетіндегі ең сирек кездесетін асыл тастардың бірі. Жергілікті геолог ВВС-ге берген сұхбатында танзанит қоры шамамен 20 жыл ішінде таусылуы мүмкін деп болжады.

Танзанит - жасыл, қызыл, қою қызыл, көбінесе - көк түсті болып келеді. Белгілі бір тастың бағасы тазалық пен мөлдірлігіне байланысты.

52 жастағы Лейзер өткен аптада салмағы 9,2 кг және 5,8 кг тастар қазып, оны 24 маусымда Манярдағы сауда-саттық сессиясында билікке сатты.

Танзаниядан табылған ең ірі танзанит кристалының салмағы 3,3 кг болатын.

Ел президенті Джон Магуфули Лейзерге өзі хабарласып құттықтады.

«Біз Танзанияның қаншалықты бай екенін және еркін іздеушілерге қандай пайда әкелетінін көріп отырмыз», - деді президент.

Джон Магуфули 2015 жылы билікке келді, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібіндегі ұлттық мүдделерді қорғауға және одан түсетін кірісті арттыруға уәде берді.

Санинью Лейзер мұны атап өту үшін сиыр сойып, содан кейін ақшаның бір бөлігін туған ауданы Симанджирода мектеп пен сауда орталығын салуға жұмсайтынын айтты, ал өмір салты өзгермейді.

«Мен өзім білім алған жоқпын, бірақ ұлдарымның кәсібі маман болғанын қалаймын. Көптеген жерлестерім балаларын үйден алысқа жібере алмайды, сондықтан мен мектепке салуды жоспарлап отырмын», - деп түсіндірді ол.

Санинью Лейзердің айтуынша, оның ауданында ешқандай қылмыс жоқ, түнде кез-келген жерге қауіпсіз баруға болады. Сондықтан оған түскен байлыққа байланысты қосымша қауіпсіздік шараларын жасамайды.

Лейзер бұл табысқа жетпей тұрып та кедейшілікте өмір сүрмеген: оның негізгі табыс көзі екі мың сиырынан түседі.

Танзания - мұсылман елі. Лейзердің төрт әйелі және 30-дан астам баласы бар.

Оның кен өндіруге мемлекеттік лицензиясы бар. Аймақта заңсыз кен өндіру кең таралған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр