ДДСҰ коронавирустық вакциналарды жасап жатқан үздік өндірушілерін атады

AstraZeneca ағылшын-швед және америкалық Moderna компаниясының вакциналары адамдарда клиникалық сынақтардан өтіп жатқан 15 коронавирустық вакцинаның жетекші үміткерлерінің қатарына кіреді.

вакцина

Бұл туралы ДДҰ-ның бас зерттеушісі Сумия Сваминатан Женевада өткен брифингте хабарлады.

"Олардың қай сатыда екендігіне қарап топшылауға болады. Менің ойымша, олар жетекші кандидаттар болуы мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, олар сынақтардың екінші кезеңіне көшті және жақында біз адамдардағы зерттеулердің нәтижелерін көре аламыз", - деді ол.

ДДСҰ-ның бас ғылыми қызметкерінің айтуынша, АҚШ-тың Moderna биотехнологиялық команиясы жақын арада тестілеудің екінші кезеңіне өтеді. Сумия Сваминатан бүгінде әр түрлі тестілеу сатысында тұрған шамамен 200 вакцина бар екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін ДДҰ Еуропада коронавирустың жаңа ауруы туралы жариялаған болатын. Бұған себеп шектеулерді алынып тасталғаны екені атап өтілді. 11 елде CoViD-19-тің жаңа аурулары көбейді. Бұдан соң денсаулық сақтау жүйесі өзгеруі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр