Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз мемлекеттік университетінің ұстаздары ректордың орнын босатуын талап етті

Жамбыл облысындағы ең іргелі жоғары оқу орны - Тараз мемлекеттік университетінің ұстаздары "Ректор орнын босатсын!", деп талап қойып отыр. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз

"Заң факультетінің деканы диплом сатады, ал басшылық ол жайлы білгенімен, шара қолданбайды", -  деп наразылығын білдірді ұстаздар. Сондай-ақ, айтуларынша университеттің күндізгі оқу бөлімінде мемлекеттік қызметкерлер де білім алады екен.

Тараз мемлекеттік университеті ұстаздарының сөзінше, заң факультетінің деканы ауысқалы студенттер сабаққа келмейтін болған. Ал кешкі бөлімде оқитындардың сабақ кестесі мүлдем жоқ екен. Бірақ, басшылықтың бұйрығымен бірде бір рет көрмеген студенттерге баға қойып беріпті. 

Айтуларынша, студенттердің сабаққа келмей бағала алуы - университеттің диплом сататының айғағы. Сондықтан, арыз айтып ректорға барған. Ал университет басшысы арыздың негізді не негізсіз екенін анықтайтынын айтқан.

Ашынған ғалымдар бас прокуратуроға, президент әкімшілігіне, сонымен қатар білім және ғылым министрлігіне шағым түсіріпті.

"Кешкі бөлімде сабақ өткізейік десек, оның кестесі жоқ. Онда 98 студент оқиды. Біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары ЖОО-дан кейін оқу факультетінде күндіз оқып жүр. Оны қалай түсінуге болады", - деді М.Х. Дулати атындағы ТарМУ заң факультетінің доценті Құрманбек Сағымбеков.

"Істей алмай ма жұмысын, орнын босатсын. Біздің талабымыз осы, ашығын айтатын болсақ. Демек, бұл кісілердің өздерінің мүдделері болғаннан кейін осыған жол беріп отырған шығар деп ойлаймыз", - дейді М.Х. Дулати атындағы ТарМУ заң факультетінің доценті Әбдғаппар Әлімбетов.

Ғалымдардың талабы осы, олар түрлі заңсыздықтарға жол берген басшы орнын босатсын дейді. 

Ал басы дауға қалған университет ректоры Махметғали Сәрібеков ғылым кандитаттарының уәжі қисынсыз екенін мәлімдеді. Айтуынша, ұстаздар мәселесін айтып келгенде қолдарында бірде бір нақты дәлел болмаған. Сондықтан, ол кімнің кімге баға қойдыруды талап еткенін айтуды сқраған. Бірақ, шағымданып келгендер арызын тастамай кетіпті. Біраз уақыттан соң ешқандай дәлелсіз жала жауып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. 

"4-5 мұғаліміміз осындай мәселелермен бастап жүрген. Меніңше, олардың артында тұрған адамдар бар. Заңгер болғаннан кейін олар әрнәрсені дәлелмен айту керек. Фактілер көрсетіп айту керек", - деді М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметғали Сәрібеков.

Әзірге бұл даудың қалай шешілетіні белгісіз. Мәселені шешу үшін құрылған комиссия әлі шешім шығармаған. 

Бұл ЖОО-да 12 мыңнан аса студент білім алады, 2500-ден аса педагог бар, олардың 57-сі - дау шыққан заң факультетінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр