Ақтауда арбаға жегілген жылқы талып қалды: Саябақта жануарларды жалдап мінуге тыйым салынды
Ақтаудың "Ақбота" саябағында жылқының талып қалуына байланысты жануарларды жалдап мінуге тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қала тұрғындарының қалалық "Ақбота" паркіндегі серуендеу орындарының жеткіліксіздігіне, сондай-ақ парктегі жануарлардың көптігінен жарақаттанған жағдайлардағы шағымдарына байланысты “Ақбота” МКК аумағында жылқыларды, пони және т.б. жануарларды жалға беретін кәсіпкерлердің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта олармен жасақталған келісімшарттар, сондай-ақ аталған кәсіпкерлердің рұқсат құжаттары жоқ, яғни олар кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асырған. Бұл туралы оларға тиісті хабарламалар берілді. Бұдан өзге, учаскелік инспекторлармен бірге “Ақбота” МКК қызметкері бірлесіп мониторинг жүргізеді.
Бұл мәселе жақын арада өтетін қоғамдық тыңдауда қаралатын болады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау тұрғындары арбаға тиелген жылқының талып қалғаны туралы айтыпты. Сөздерінше, сәйгүлік күні бойы күннің астында жүріп қатты шаршағандықтан сұлқ құлаған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
