Маскасыз кіргізбей қойған: Алматыда мас азамат сауда орталығының күзетшісінің жағасынан алды

Алматының ойын-сауық орталығының бірінде маска кигісі келмеген мас азамат ғимараттың күзетшісінің жағасынан алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трц

Оқиға Silk Way City сауда орталығының алдында орын алған. Ішімдікке сылқия тойған ер адамның бұл қылығы түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. 

Қалалық ПД мәліметінше, күзетшіге шабуылдаған азамат сол мезетте ұсталған. 

"Аталған жайт бойынша "Майда бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді", - деді ПД өкілдері. 

Видеода балағат сөздер кездеседі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр