Нұр-Сұлтанға жақын демалыс базасы өртке оранды
Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан Жібек Жолы ауылындағы демалыс базасында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: inform.kz сайтынан
"Жібек Жолы ауылында 10 мамыр сағат 15:41 шамасында Аstana Resort демлыс орталығының асханасында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрт әлі ауыздықталмады", - деді Ақмола облысы ТЖД өкілдері.
Қазіргі таңда қызыл алаудың шығу себебі анықталып, жалын шарпыған ауданның көлемі есептелуде.
Өрт шыққан аймаққа облыстық ТЖД-нің төрт қызметкері мен бір техника бірлігі және Нұр-Сұлтанның тоғыз құтқарушысы мен екі көлігі жұмылдырылған.
Талқылау