Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға қатысты қылмыстардың көбін олардың жақындары орындайды - Тұрғымбаев

2020 жыл басталғалы бері балаларға қатысты 800 қылмыс тіркелсе, оның 400-і жыныстық зорлыққа қатысы бар екен. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған

"Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 879 қылмыс тіркелді. Олардың 402-і  жыныстық зорлық-зомбылық. Мұндай жайттың әрбірі бала үшін үлкен күйзеліс, ауыр қайғы", - деді министр. 

Мұнымен қатар ол өткен жылы мектептің сыртында орналасқан дәретханада оқушы қыздың зорлануы жұртты дүр сілкіндіргенін атап өтті. Бұл жағдай білім беру орталықтарындағы қауіпсіздік мәселесі ақсап тұрғанын көрсетті дейді министр. 

"Қазір мектептердің барлығында бейнебақылау камералары қойылды. Бұған қоса жекеменшік күзет ұйымдарымен келісімшарттар орнатылды", - деп қосты Тұрғымбаев.

Айтуынша, жыл сайын балаларға қатысты 2000-ға жуық қылмыс жасалады екен. Қылмыс санын азайтуға полицейлердің қауқары бола бермейтін сыңайлы, себебі жеткіншектер көп жағдайда туыстарынан қорлық көреді. 

"Қылмыстың 70%-ын балалардың жақын айналасындағы ересектер: әкелер, өгей әкелері, көршілері мен басқа да туыстары орындайды", - дейді шенеунік. 

Атап кетерлік жайт, 2020 жылдан бері Қазақстанда балаларды жыныстық қатынасқа тартқан, оларға озбырлық көрсеткендерге қарсы жауапкершілік қатаңдаған. Жаңа заң бойынша қылмыскер өмір бойына немесе 20 жылға түрмеге жабылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр