Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астарлап жеткізейін": Нұрлан Қоянбаев коронавирустың құпиясын айтпақ болды

Біраз уақыт бұрын желіде Нұрлан Қоянбаевтың видеосы тараған еді. Актер коронавирусқа қатысты пікір айтамын деп сынның астында қалды. Оның нені меңзегенін ел-жұрт түсінбей дал болды.

Бұл туралы Қоянбаев парақшасы арқылы тікелей эфирде айтқан еді.

Елімізде коронавирус тақырыбы өзекті болып тұр. Коронавирус індеті туралы екі түрлі пікір қалыптасқаны жасырын емес. Көпшілік Нұрлан Қоянбаевтың пікірін тыңдап, тіпті аң-таң болды. 

"Коронавирус туралы көпшілік айтып жатыр. Мен айтайын десем, әйелім үндеме дейді. Сондықтан айтпай-ақ қояйын. Астарлап жеткізейін. Өздеріңіз интернеттен коронавирус туралы видеоларды іздеп қараңыздар. Шынайы видеоларды көріңіздер. Бәрін айтпай-ақ қояйын. Өздеріңіз кейін түсінесіздер. Мені карантинге жауып тастап жүрер. Әлі түсіретін киноларым бар", - дейді әзілкеш.

Көпшілік мұның мәнісін сұрап дал болды. Енді бірі індеттің бары рас, сондықтан талаптарды сақтау керек дегенді айтты. 

"Сақтанса, сақтаймын деген емес пе?", "Жел сөзге сенбеңіздер", "Ауру еліміз бойынша емес, әлем бойынша тарап жатқан індеп", - деп жазды олар.  


Тұрсынбек: Нұрланды қорқытам деп төсегінің астына кірдім де, таңға дейін ұйықтап қалыппын


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр