Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев президент бұйрығымен жаңа қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерулан Жамаубаев

Бұл туралы Ақорда сайтында айтылды.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын", - делінген президент қаулысында. 

Ерұлан Жамаубаев1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы ұлттық банкі зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;

006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры.

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.

Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 22 наурыздағы № 7 өкімімен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалған.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр