Министрлік Атырау мен Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсу себебін түсіндірді

ҚР денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Атырау мен Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Комитет басшысының сөзінше, жұқпалы індет "Теңізшевройл" ұйымының қызметкерлерінен анықталған. Бұған қоса ол өткен аптада коронавирустың өсімі еліміздің аймақтарында 2-7% аралығын құрағанын жеткізді. 

Атырау облысында коронавирустың басты ошағы ретінде "Теңізшевройл" ұйымына қарасты мекемелер тіркеуге алыныпты. 

"Ауру жұқтырған азаматтар - бір ұжымның қызметкерлері. Қазір басқа да жұмыскерлерге сынама жасалуда. Соның салдарынан ауру анықталып жатыр. Өсімнің себебі осы", - дейді Сұлтанғазин. 

Ал Түркістан облысында сырқаттанғандардың көбеюіне себеп - Теңізшевройлдың" вахталық жұмыскерлерінің үйлеріне оралуы. 

Тимур Сұлтанғазин азаматтарды жаппай сынамадан өткізудің пайдасы тиіп жатқанын алға тартты. Аталған аймақтарда карантин жеңілдеуі әлі қарастырылмайды дейді ол. Ал егер індеттің таралу көрсеткіші арта беретін болса, керісінше, карантин режимі қатаңдауы мүмкін көрінеді. 

Соңғы деректерге орай, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 6 440 адам болып отыр. Олардың 627-сі Атырау облысында, 222-сі Түркістан облысында індетке шалдыққан. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр