БАҚ: 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған терактқа Сауд Арабиясының қатысы бар

АҚШ-тың федералды тергеу бюросы (ФБР) Нью-Йоркте 2001 жылы 11 қыркүйекте орын алған терактқа қатысы бар адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теракт

Бұл туралы The Sun басылымы жазыпты. 

Басылымның мәліметінше, Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Мұссаед Ахмед әл-Жаррахтың жойқын терактқа қатысы бар екні көрсетілген құжаттар желіде таралып кетіпті. Ол Вашингтон елшілігінде 1999-2001 жылдар аралығында қызмет атқарған. Оның әлемдік сауда орталықтарының ғимаратына ұшақты соққан террористерге көмексуі мүмкін екені анықталыпты. 

Кейіннен құжаттарды АҚШ-тың әділет министрлігі желіден өшіріпті. 11 қыркүйекте орын алған теракттың құрбандары қауымдастығының өкілі Бретт Иглсон ФБР осылайша Сауд Арабиясының қастандықпен байланысы бар екенін жасырғысы келеді дейді. Десек те Эр-Рияд билігі террористермен қарым-қатынаста болғандарын жоққа шығарып отыр екен. 

Бұған дейін 2019 жылы 14 қыркүйекте ФБР терактқа қатысы бар күдікті жайлы мәліметтерді қаза тапқандардың отбасыларының адвокаттарына табыстапты. 

Еске салайық, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әлемдегі ең жойқын теракт орын алған болатын. Егіз мұнаралар аталып кеткен әлемдік сауда орталықтарының қос ғимаратына екі ұшақ соғылған. Тағы біреуі Пентагонның ғимаратына барып құласа, төртіншісі Шэнксвилль қаласының аумағында апатқа ұшырады. Барлығы 2976 адам қаза тауып, тағы 4 мыңға жуық азамат жапа шеккен болатын. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр