Қарағанды облысында жүргізуші қалыңдығын көлігінің артына салып, қалаға өткізбекші болған (видео)

Қарағанды облысының тұрғыны әйелін блок-бекеттен көліктің багажнигіне салып өтпекші болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Мұстафин атындағы ауыл жанындағы блок-бекетте Audi маркалы көлікті тоқтатыпты. Артынша жүргізушінің қалаға өзінің қалыңдығы багажникке салып өткізбекші болғаны анықталған. 

"Полицейлер көлікті тексеру кезінде багажникте жатқан 35 жастағы әйелдің тығылып жатқанын байқапты. Жүргізушінің сөзінше, екеуі қалаға барып некелерін қимақшы болған", - дейді полицейлер.  

Ұсталғандарға әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсынан 27 мың теңгелік айыппұл тағайындалған. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр