Алматыда тағы он сегіз дәрігер коронавирус жұқтырған
Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы коронавирус ахуалы жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алматыда 17 сәуірде коронавирус жұқтырғандардың саны 461-ге жетті. Бүгін тіркелген науқастардың арасынд 16 жастағы жасөспірім бар. Жұқпалы індетті орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, осы стационардың екі пациенті, медициналық жедел жәрдем қызметінің 1 жұмыскері, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 Қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасының екі қызметкері және оқшаулау аймағындағы вирусы бар адаммен байланыста болған 44 адам анықталды", -деді басқарма басшысы
"Бүгінгі күні мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан науқас әйелді есепке ала отырып, 392 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Бір пациенттің жағдайы өте ауыр, 4-уінің жағдайы ауыр, 92 адамның жағдайы орташа дәрежеде, 295 адамның жағдайы қанағаттанарлық.
Жалпы Алматыда СOVID-19 диагнозы 234 медицина қызметкеріне қойылған.
Оның ішінде:
Орталық қалалық аурухананың 193,
Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31,
№7 Қалалық клиникалық аурухананың 2,
Медициналық жедел жәрдем қызметінің 3,
№12 Қалалық емхананың 3 медицина қызметкері және
№11 бір қызметкері,
№32 қалалық емханалардың бір қызметкері коронавирус жұқтырған.