Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ТЖ кезінде саунада қыздарды күштеп жезөкшелікке салғандар әшкере болды

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде сауна жезөкшелікпен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

сауна

Түркістан облысы Сарыағаш тұрғыны қалада жеңіл жүрісті қызмет көрсететінін саунаның барын айтып, онда жеңгетайлық орын алып жатқаны туралы хабарлапты.

Тексеріс нәтижесінде Сарыағаш қаласындағы сауналардың жұмыс жасап тұрғаны анықталып, жеңгетайлық жасаған жас қыз ұсталды. Оған қоса, саунада Өзбекстанның екі азаматшасы мен Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталып, қызмет көрсететіні айқындалды. Олардан айғақты зат ретінде ақша  тәркіленіп алынды.

Аталған жайт Түркістан ПД КПБ-мен ҚР қылмыстық кодексінің 309-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Сауна әкімшілігіне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бабымен хаттама толтырылды.  Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтап жатқан көрінеді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр