Қызылордада коронавирусқа шалдыққан әйелдің босанған сәбиі ауруға шалдықпаған
Қызылордада коронавирусқа шалдыққан әйел босанған нәрестенің сау екендігі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», - деді басқарма басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанғаны жайлы айтылған еді.
"Жаңа туған нәресте кювезге салынған: салмағы 2970 грамм, бойы 51 сантиметр. Баланың жағдайы қанағаттанарлық", -деді дәрігерлер.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”