Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев балкондарда әнұран шырқаған қазақстандықтардың видеосынан жақсы әсер алды (видео)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еліміздің әнұранын ұжым болып орындағанынан жақсы әсер алғанын айтты. 

«Елорданың және Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарының әнұранды ұжым болып орындауы мемлекетіміздің барлық патриот азаматтарын бей-жай қалдырмайды. Біздің халқымыз үлкен құрметке лайық», - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

«Карантинге жатқызылған адамдардың бұл шынайы лебізі біздің қиын сынақты міндетті түрде жеңетінімізге сенімділік береді», - деді мемлекет басшысы.

2 сәуір қарсаңында, кешкі сағат 10.00-де, Нұр-Сұлтанның көптеген аулаларында түнгі тыныштықты «музыкалық үзіліс» алмастырды - Қазақстандықтар терезесін ашып немесе балкондарға шығып еліміздің әнұранын шырқады.

Флеш-мобтың алдында мессенджерлерде ақпарат тараған болатын. Онда астаналықтардың қиын уақытта бір-бірін осылай қолдайтыны айтылды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанға карантин енгізілді - қалаларға кіру және шығу шектеулі, 28 наурыздан бастап карантиндік шаралар күшейтілді: тұрғындар үйден тек азық-түлік дүкеніне, дәріханаға және жұмысқа бара алатын болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр