Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы коронавирус: Ел билігі марқұмдардың денесін тоңазытқышы бар жүк көліктеріне тиеп тасуда (видео, фото)

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды ішінде тоңазытқыш орналастырған жүк көліктеріне тиеп тасуда. Нью-Йорктің Бруклин ауруханасының өзінде індет 790 адамның өмірін қиыпты. Жалпы қалада тағы 36000 ауру жұқтырған науқас тіркеліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды. 

Әлеуметтік желілерде дәрігерлердің марқұмдардың денесін ауруханадан шығарып, жүк көлігіне тиеп жатқаны түсірілген видео таралып кетіпті. Сондай-ақ жергілікті ауруханада медбике болып жұмыс істейтін қызметкерлер әлгі жүк көліктеріндегі марқұмдардың денесін суретке түсіріп, желіде таратыпты. 

АҚШ

Қазір Нью-Йорк пен АҚШ-тың басқа да қалаларында жасанды мәйітханалар мен емханалар көбейіп кетіпті. Бұл жағдай мемлекеттегі коронавирустан көз жұмғандардың күрт өсуіне байланысты. 

АҚШ

"Бұл біздің басымыздан өтіп жатқан қорқынышты жағдай. Мен бұған дейін біреудің көңілін тауып, жұбатып отырғанды жек көретінмін. Бірақ маған марқұм әйелдің киімі ұнағандықтан онымен соңғы демі үзілгенше қалуға бел будым", -дейді 38 жастағы суреттердің авторы.

АҚШ-та бүгінгі күні ауру жұқтырғандардың саны 150 мыңға таяпты, жұқпалы инфекция 2500 адамның өмірін жалмаған. 

Өз кезегінде АҚШ басшысы Дональд Трамп егер коронавирус 200 мыңнан астам адамның өмірін қимаса, жағдай қорқынышты емес деп айтыпты.   

АҚШ

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр