Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Микротолқынды пешті өшіріңіз. Карантин кезінде интернеттің жұмысын басқа қалай жылдамдатуға болады

Коронавирус пандемиясының салдарынан бүкіл әлемде миллиондаған адамдар үйлерінен шықпауды жөн көруде. Ал жұмысты үйден жұмыс істейтіндер интернет жұмысына күш түсіріп жатқаны сөзсіз. Бүгінгі күні көптеген адамдар интернет жылдамдығының төмендегенін байқап жатыр. Осы тұрғыда Ұлыбританияның тәуелсіз БАҚ реттеушісі Ofcom тұрғындарға Интернет жылдамдығын жақсарту және істен шығу жағдайларын азайту бойынша бірнеше қарапайым кеңестер ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

интернет

Сарапшының кеңестерінің кейбіреулері қарапайым ұсыныстар, мысалы: фильмді қарамас бұрын оны жүктеп алу. Әрине, егер сіз желіде кино көріп жатқанда біреу видео арқылы сөйлессе, неліктен интернеттік баяу екендігін айтпаса да түсінікті. Десек британдық маман келтірген ешкім біле бермейтін жайттар да бар екен.

«Сіз микротолқынды пештердің Wi-Fi сигналын нашарлатуы мүмкін екенін білдіңіз бе? Сондықтан видео қоңырау шалғанда, бейнелерді HD-сапасында көргенде немесе желіде маңызды жұмыс жасағанда микротолқынды пешті пайдаланбаңыз», - деп кеңес берді маман.

Сіздерге интернет жұмысын жылдамдату үшін британдық сарапшының мынадай кеңестерінің ұсынамыз: 

  • Роутерді сигнал сапасына әсер етуі мүмкін басқа жабдықтан алыс қойыңыз. Құрылғыны еденге емес,  үстелдің немес сөреге  қойған әлдеқайда дұрыс;
  • Роутерді әрқашан қосулы күйінде қалдырған жө;
  • Телефон арқылы қоңыраулар немесе бейнеконференциялар кезінде тек дыбысты қалдырып, маңызды болмаса, бейнені өшіріңіз;
  • Басқалары желіде сөйлесіп жатқан жоқ-ау деген кезде қоңырау шалуды әдетке айналдырың, өйткені бұл жағдай байланыстың сапасын жақсартады;
  • Жылдам интернет үшін Wi-Fi-дың орнына компьютерге интернетті желі арқылы қосыңыз;
  • Мүмкіндігінше телефонның ұзартқыш сымын қолданбаңыз, ол Интернетке кедергі келтіруі мүмкін;
  • Пайдаланбайтын құрылғыларды сөндіріп қойыңыз, себебі олар көбіне ұйқы режимінде тұрып де интернетті пайдаланады.

Интернет сигналды үзе алатын құрылғылардың қатарына сымсыз телефондар, нәрестелердің күтімене арналған радиолар, галогендік лампалар, жарық реттегіштері бар жарық қосқыштар, стерео жүйелер және компьютерлерге, теледидарлар мен мониторларға арналған динамиктер кіреді.

Сондай-ақ сарапшылар ұялы желілерге жүктеме жоғарылауына байланысты қарапайым телефонды пайдалануға кеңес береді.

Интернеттегі жүктемені азайтуға тырысқан YouTube, Facebook, Netflix және Disney+ сияқты танымал платформалар соңғы күндері бейнелерінің сапасын төмендетіпті. 

Өз кезегінде Ұлыбритания үкіметі интернеттің жоғары жылдамдығын сақтау коронавирусқа қарсы күрестің «шешуші факторы» екенін алға тартты.

Талқылау