Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ басшысы коронавируспен күрестегі тиімді 6 тәсілді атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебреисус коронавируспен күресте жеңіске жетудің алты жолын атады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тедрос Гебреисус

Оның айтуынша, бірінші кезекте денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және науқастармен жұмыс істеуге дайын медицина қызметкерлерін дайындау қажет. Сондай-ақ, барлық жұқтырған адамдарды анықтап, коронавирусты тексерудің санын көбейту керек.

Сондай-ақ, Гебреисус науқастарды қабылдау үшін қосымша ауруханалар дайындау, олардың барлық байланыстарын қадағалау және коронавирусқа қарсы күреске барлық күш-жігерді жіберу қажеттігін мәлімдеді.

"Бұл шаралар вирустың таралуын тоқтатуға ғана емес, барлық шектеулерді алып тастағаннан кейін індеттің жаңаруына жол бермеуге көмектеседі.  Егер сіз мектептер мен кәсіпорындарды қайта ашсаңыз, онда оларды кейіннен жабу үшін ғана", - деді ол.

"Табу, оқшаулау, тестілеу, емдеу, қадағалау - бұл одан әрі шектеулерді болдырмау жолы", - деп атап өтті Гебреисус.

Сонымен бірге, ДДСҰ басшысы азаматтардың өздігінен оқшаулануы және қозғалысын шектеуі коронавирус пандемиясынан толық арылуға көмектеспейтінін мойындады. Оның айтуынша, мұндай шаралар аурудың таралуына қарсы күресте уақытты ұтуға мүмкіндік береді, алайда өмірді құтқару үшін бұл жеткіліксіз.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 414 179 адамға жетті. Сондай-ақ, әлем бойынша 18 440 адам көз жұмды. Соңғы 24 сағат ішінде инфекцияның алғашқы жағдайлары туралы Лаос пен Ливия хабарлады.

Бұл ретте елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 88 адамға жетті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы 15 адам тiркелдi: Қазақстанда 584 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған
Çàãðóçêà...