10 сәуірде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі мүмкін - мамандардың зерттеуі

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) Қазақстандағы Covid-19 коронавирусының таралу үлгісін жасап шығарды. Мамандардың пікірінше, 10 сәуір сүні елмізде ауруға шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі әбден мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі әлемдік статистикалар негізінде жасалды.  

Мамандар олар келтірген заңдылықтың Қазақстанда ауруды жұқтырғандардың саны 100-ден асқаннан кейін сақталатынын атап өтті. 

Үлгіге негіз ретінде мамандар 19 наурыз-10 сәуір аралығын, яғни үш аптаны қарастырған. Олардың пікірінше, бұл болжамның қорытындысы жағымсыз. Қазақстандағы жағдай Еуропа мемлекеттері секілді ушығуы мүмкін көрінеді. 

Әлемдік статистикалар бойынша, дүниежүзіндегі ауруға шалдыққандардың көрсеткіші 33%-ды, ауруханаға жатқызылуы керек науқастардың көрсеткіші 20%-ды, ал қарқынды терапия қажет науқастардың көрсеткіші 5%-ды құрайды екен.

Мамандар коронавирусқа шалдыққандардың тек 14%-ы ғана дереу анықталатынын айтып кетті. Ал қалған науқастардың 86% ескерусіз қалып жатқан көрінеді. 

Сарапшылардың болжауынша, 10 сәуір күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 956-ға жетеді екен. Зерттеу авторлары науқастардың саны негізінен 220 мыңға жететінін алға тартты. Десек те олардың барлығы анықталмай, өздігінен емделіп шығатын сыңайлы. 

Ең бірінші өлім Қазақстанда алғашқы науқас тіркелген күннен бастап 17 тәуліктен кейін анықталады екен. 

"Жағдайы ауыр науқастардың саны 2000, ал ауруға шалдыққандардың көптігінен денсаулық сақтау жүйесі қиындықтарға бой алдырып, соны салдарынан өлім-жітім көбейіп кетеді", - дейді болжам авторлары. 

Коронавирустың өлім деңгейінің статистикасы әлем бойынша 3%-ды көрсетіп тұрған көрінеді. 

"Мемлекет тарапынан атқарлып жатқан шаралар коронавирустың таралмауына айтарлықтай септігін тигізуде. Сондықтан алдағы уақытта жағымды өзгерістердің орын алатындығына сенуге болады", - дейді зерттеушілер. 

Сондай-ақ ЦАРКА Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі Т. Пуэйо және Johns Hopkins University ұсынған зерттеулерге сүйеніп жасалғанын есеріп өтті.

Еске салайық, қазір Қазастанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 80-ге жетіп отыр. Олардың екеуі аурудан сауығып шығыпты. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент карантинге жабылады

4 сәуірде 21:00-ден бастап Шымкентте карантин енгізіледі

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 450-ге жақындады

Инфекцияның тағы төрт жағдайы Қазақстанның үш аймағында тіркелді

Мұнай бағасының қайтадан төмендеуі тіркелді

Мұнай төрт-алты пайызға арзандады

Әскери міндеттілерге жиын кезінде қанша теңге төлейді?

Жиын уақытында әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асты

Қытайда коронавирустық инфекцияның басталуынан бірнеше ай ішінде әлем бойынша 53 000 200 адам қайтыс болды

Коронавирус ешқайда кетпейді және жоғалмайды– Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар, ол ғалымдардың жағдайдың одан әрі қалай дамитыны туралы болжамдарын айтты.

42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады

SMS авторизациясының көмегімен "Төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге төлемі" қызметін ала аласыз

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істейтін каналдар жұмысын күшейтті

Әскери жиын үш айға созылады - Қорғаныс министрі

Елдегі шағын және орта бизнес иелері салықтан босатылды

Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі айтты
Çàãðóçêà...