Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қала әкімдігі алматылықтардан зарарсыздандыру жұмыстарынан кейін 5 сағатқа далаға шықпауды сұрады

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын зарарсыздандыру шараларынан кейін далаға шықпауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дезинфекция

"Алматыда карантиннің жариялануына байланысты көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарына, аулаларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Өңдеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бес сағатқа дейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз. Келесі залалсыздандыру жұмысының кестесі кіреберістерге ілінеді", - делінген әкімдік хабарламасында.

25 наурыздан бастап Алматы әкімдігі қаладағы тұрғын үйлердің подьездерін дезинфекциялау жұмыстарын бастады.

«Жұмыс бастамас бұрын дыбыс зорайтқыш арқылы жарияланады. Өңдеуден соң әр подьезге кезекті өңдеу графигі ілінеді. Бүгін сонымен қатар, Есентай, Үлкен Алматы және Теренкур өзендерінің жағалауы өңделеді», - деді әкімдік қызметкерлері.


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Наурыз, 2020 15:24
Талқылау