Қазақстанда 44 миллиард теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды
Аудиторлар 44 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатын жұмсауда қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Есепті кезеңде 334 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Тексеру 187 миллиард теңге бюджет қаражатын қамтыды. Қаржылық бұзушылықтар 44 миллиард теңге көлемінде анықталды. Оның ішінде 38 миллиард теңге тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, өтемақы арқылы жойылды", - деді Смаилов үкімет отырысында.
Ол сонымен бірге республикалық бюджеттің шығыстары 2,1 триллион теңгені құрағанын атап айтты.
"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,5 пайызға, республикалық бюджет 97,1 пайызға, жергілікті бюджеттер 96,9 пайызға орындалды. 62 миллиард теңге орындалмады, оның 10 миллиард теңгесі үнемделді. Игерілмеген қаражат көлемі 52 миллиард теңгені құрады", - деді ол.
Талқылау

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
Инженерлік, су және энергетика, жол құрылысы, көлік, әуе жолдары мен темір жол саласындағы мамандар қажет

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"