Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлерді құлдыққа, әйелдерді жезөкшелікке салған: Қостанайда қылмыстық топ сотталды

Қостанайда ерлерді құлдыққа салып, бойжеткендерді тәнін сатуға мәжбүрлеген дәмхана иесін сотталды. Судья қылмыскерді 17 жылға бас бостандығынан айырған. Бұған қоса айыпталушының жанында оның сыбайластары болған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.  

қылмыскер

Тимур Алатаев есімді азаматбасқарған топ жол бойындағы «Керуен» дәмханасында бірнеше қылмыс жасағаны әшкере болды. Мейманханаға жұмыс іздеп келгендердің еңбегін қанап қоймай, олардың кейбіреуін күшпен құлдыққа салған. Қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық көрсетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Қанды қылмыс Иван Косюктің өлімінен кейін анықталыпты. Ең сорақысы, 34 жастағы Меңдіқара тұрғыны шынжырмен байлап, құлдыққа салып қамауда ұстаған көрінеді.

"Жәбірленуші Косюк қашпақ болған. Сол әрекеті үшін оны пеш жағатын жерде  шынжырға байлап тастаған. 2016 жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында ол қамауда отырып, кафенің отын жаққан", - деп мәлімдеді Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жасұлан Асылбеков.

Марқұмның анасы соққыға жығылған ұлының мұны кім істегенін айтпай қойғанын жеткізді. Артынан анықталғандай оны кір қолымен табадан тамақ жегені үшін өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

"Әуелі қоңырау шалып хабарласып тұрды. Сосын смс хаттар жазатын болды. Кейін мүлдем хабарсыз кетті. Үйге келем деген кезінде келмеді. Содан кейін полицияға арыздандым", - дейді марқұмның анасы Екатерина Косюк.  

Тимур Алатаев бұрын полицияда жұмыс істегені анықталып отыр. Қатаң жазалауға үйреніп қалған ол қол астындағы қызметкерлеріне де осындай қорлық көрсеткен. Қасақана ұрып соққан. Қалың қарызым бар деп қолхат жаздырып, жәбірленушілерді заңсыз бас бостандығынан айырған.

"Хамам моншада клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрледі. Айтқанға көнбесең балаңның көзін құртамын деп қорқытты. Қашатын болсаң, ұстап алып денеңді бөлшектеп тастаймыз деп шошытты. Ұрып-соқты. Үш рет зорлады", -  деді жәбірленуші Ирина Царева. 

Басты қылмыскер Тимур Алатаев қылмыстық кодекстің 10 бабымен айыпты деп танылып, 17 жылға абақтыға қамалды. Ал оның екі сыбайласы Евдокимов 14, Абдулхаев 3 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Бұған қоса марқұмның анасына 5 миллион теңге төлеу туралы шешім шығарылды. 

 

STAN.KZ
Жұма, 06 Наурыз, 2020 07:38
Талқылау