Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев: Қырғызстанға кеткендер, қайтып оралсын

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қордайға сапары кезінде елді тыныштандырып, қираған үйлердің жөнделетінін мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Қырғызстанға шекара асып кеткендердң елге қайту керек екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет комиссиясы жұмысының екінші күнін ауылдар мен шекара маңы өткізу пункттерін аралаудан бастады.

 Жамбыл облысының Қордай ауданында құқықтық тәртіпті бұзу фактілері тіркелмеді. Жағдай тұрақталды, ауылдықтардың өмірі қалыпты арнаға түсіп жатыр.

«Қарасу» шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі «Ауқатты» пунктінде пайда болған. Бұлар - осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар. Олардың ішінде әйелдер мен балалар көп.

Бердібек Сапарбаев отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады.

«Сіздерден арандатуларға ермеуді сұраймыз. Бұзылған барлық үйлерді біз қалпына келтіреміз, отбасыларға көмек көрсетеміз. Біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, залалды бағалауда.

 Қазір Қырғызстанда өз туыстарын паналап жатқан жақын-жуықтарыңызға елге қайту керектігін жеткізіңіздер», - деді Сапарбаев өткізу пунктінде жиналған қауымға.

Сапарбаев аудандағы жағдайдың тұрақталғанына сендірді.

«Президент тапсырмасы бойынша мұнда арнайы Үкімет комиссиясы келді, оның құрамында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары бар. Өткен тәулікте ешқандай оқиға да, құқық бұзушылық та болған жоқ. Жағдай тұрақталды. Құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылды. Тағы да сіздерден арандатуларға ілеспеуді сұраймыз», - деді Сапарбаев.

Айта кетейік, 7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан

Бойжеткеннің туыстары оның із-түссіз жоғалып кеткендігін айтқан

Ішімдік ішіп, қонақ үйге құсып тастаған: Қазақстандық төрт биатлоншы олқы қылықтары үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Ең зиянды әдеттер аталды

бұл қылықтар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымға Дастан Рыспеков ие болды

"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды

Оқиғаға қатысы бар деп Ақсудың тұрғыны ұсталған

Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді

Мамандар ұшақ апатын визуал

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда
Çàãðóçêà...