Оралда мектеп оқушылары қатысқан жаппай төбелес болған
Оралда тұңғыш Президент алаңында мектеп оқушыларының жаппай төбелесіне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» газетіне сілтеме жасап.
8 ақпанда WhatsApp қолданушылары арасында бір топ мектеп оқушысы төбелескен видео таралған.
Видеода жанжалдың Тұңғыш президент алаңында, Кадир Мырза Али атындағы Мәдениет және өнер орталығының жанында болғаны көрінеді. Топ екіге бөлініп, әрқайсысынан үш адамнан шығып, төбелескенін көруге болады. Видео бірнеше жігіт жігіттің жерге құлаған сәтінде үзіледі. тады.
Төбелесті 15-ке жуыө жасөспірім баылап тұрған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде төбелеске қатысқандардың, яғни қала мектептерінің оқушылары екендігі анықталды. Олар15 және 16 жас аралығындағы жасөспірімдер болып шыққан. Қатысушылардан басқа оқиға куәгерлері анықталып жатыр», - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полиция оқиға бойынша «бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
