Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

Bek Air апаттан кейін тоқтатылған рейстердің билеттері үшін жолаушыларға ақшаны қайтару туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды .

Жалған ақпаратқа сенбеңіздер: Bek Air әуе компаниясы мәлімдеме жасады

«Билеттердің құнын толықтай қайтару үшін билеттерді сатып алу орнына хабарласыңыз. Егер әуекомпанияның веб-сайтында билеттер сатып алынған болса, [email protected] электрондық поштасы арқылы қайтаруды сұрау керек. Қазіргі уақытта техникалық қиындықтарға байланысты қайтару мүмкін емес. Алайда қаражатты қайтару бойынша барлық міндеттемелер орындалады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 9 ақпанға дейін жоспарланған Bek Air рейстерінің барлығының жойылуы туралы хабарланды.

Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды. Жақында апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы Миржан Молдақұлов қайтыс болды.

Талқылау