Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қыз алып қашқан 4 жігіт сотта жауап берді

Алматы облысында төрт жігіт қалыңдық ұрлады деп сотталды. Үш жігіт досына қызды ұрлауға көмектескен.

qyz_alyp_qashu

Соның салдарынан төртеуі де сот алдына шықты. Сарқан ауданының 23 жастағы тұрғыны тоғыз ай бойы қарым-қатынаста болған қызға үйленуді жөн деп шешеді

Ұзақ кездесуден кейін қыз жігітке үйленуге келіспей, жігітпен қатынасын үзеді, бірақ  жас жігіт сүіктісінен бас тартпайды.

Ол достарынан оған көмектесуді сұрайды. Өткен жылдың 29 мамырында қыздың жұмыс орнына келген жігіт және оның достары қыз шыққаннан кейін смартфонын тартып алып, оны көлікке күштеп отырғызды.

Олар «қалыңдықты» ұрлаушының үйіне әкелген кезде, қыз телефонын сұрап, інісіне қоңырау шалатынын айтты. 

Бірақ іс жүзінде ол полицияға қоңырау шалып, өзінің ұрланғанын хабарлады. Полиция қызды босатты, ал жігіттерді ұрлау фактісі бойынша іс қозғалды.

Нәтижесінде, төртеуі, оның ішіндекүйеу бала АХАЖ-да емес, сотты болды. Жастарға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Келесі күні үкім заңды күшіне енді.

Талқылау