Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен оның баюына көмектестім": Қазақстанда бизнесін жүргізген тәкаппар кәсіпкердің оқиғасы

Бизнес-кеңесші Евгений Рязанов Sputnik-Қырғызстанға берген сұхбатында Қырғызстан мен Қазақстанда ұзақ уақыт тұрмыстық техникалар сататын «өте бай адам» үшін бизнесті құруға қалай көмектескені туралы айтып берді. 

Бұл кәсіпкер "Менің өнімім нашар сатылып жатыр. Қоймада миллион доллар тұратын кір жуғыш машиналар бар, бірақ ешкім ештеңе сатып алмайды" деді. Мен оның өзін өте тәкаппар ұстайтынын және қандай да бір кеңесшінің оған көмектесетініне сенімі аз екенін байқадым", - деді Рязанов.

Сауда нүктелерін аралаған кеңесші әріптестерімен бірге "сұмдық жайттың" куәсі болған.

"Дүкендерде ешкімге ұтымды емес науқандар болды. Сатып алушы да, сатушы да оны дұрыс түсінбейтін. Қызметкерлері дайын болмады. Мәселен алматылық дүкенде сатушы келіп "Не сатып алайын деп едіңіздер?" деді қолын қалтаға салып тұрып. Ол кір жуғыш машинаның үстіне отырып, аяғымен нұсқап ақпарат айта бастады. Бұл туралы иесіне айтқанда "Не деген сұмдық?" деп айқайлады. Мен бұған сендіру үшін оның өз таныстарынан жағдайды бақылауды сұрадым. Бұл оқиға жұма күні болған еді. Ал, дүйсенбі күні басшысы хабарласып, "сіздікі дұрыс екен, келіңізші", - деді. 

Екінші кездесуде кеңесші сатушылардың сатып алушымен қалай сөйлесу керектігі туралы қағаз бетіне жазып береді. Алайда мұны ешкімге таратпауын, бұл жайлы сатушыларға жеке үйрету керекттігін ескертеді. Алайда басшысы қағазды сатушыларға таратып, жаттауын тапсырды. Әрқайсысын кабинетіне шақырып, жатқа айтуды сұрады. 

"Мен мұны естігенде, қатты ашуландым. "Бұл адамдар сізді байытып отыр. Ал, сіз оларды төмендетіп отырсыз. Олар екінші сынып оқушылары секілді күйде қалды. Бұлай етсеңіз, бәрі сізден қашып кетеді" дедім. Ол "кететіндер кете берсін, олардан пайда жоқ" деді. Осы уақытта хатшысы келіп, жұмысшыларының жартысы жұмыстан кетуге арыз жазғанын айтты. "Сіз ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарыңыздан айырылдыңыз", - дедім.

Кейін бір келісімге келдік. Логотипті ауыстырдық. Көптеген проблемаларды шештік. Ақырындап бизнес жүре бастады. Ол адам ертегідегідей байып шыға келді. Ол баяғыда дүкендерін сатып, шетелге кеткен. Бірақ әлі күнге дейін мені Жерорта теңізіне яхтамен қыдыруға шақырады", - дейді Евгений Рязанов.

Талқылау